» » ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ЕСЕПКЕ ТҰРУДАН БАСТАП БОСАНУҒА ДЕЙІН НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК
Информация к новости
  • Просмотров: 264
  • Дата: 20-04-2022, 17:17
20-04-2022, 17:17

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ЕСЕПКЕ ТҰРУДАН БАСТАП БОСАНУҒА ДЕЙІН НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ЕСЕПКЕ ТҰРУДАН БАСТАП БОСАНУҒА ДЕЙІН НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

Ана мен бала денсаулығын қорғау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт және Мемлекет басшысының қатаң бақылауында тұр.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексте жүкті әйелдің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Бұл, ең алдымен, өз денсаулығын және әлі туылмаған баланың денсаулығын қорғауға, жүктілік кезінде, босану кезінде және одан кейін медициналық көмекке құқығы.

Емхананың медицина қызметкерлері жүктілік кезінде тек медициналық бақылау ғана емес, сонымен қатар психопрофилактикалық көмек көрсете отырып, болашақ анаға қолдау көрсетуге және көмектесуге шақырылады.

Жүктіліктің алғашқы уақытында, 10 аптаға дейін әйел есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінеді. Ауыр соматикалық ауруларды уақтылы анықтау мақсатында қажетті тексерулерді, соның ішінде пренатальды скринингті жүргізу үшін есепке тұруға ертерек жүгіну керек.

Бірінші қабылдауда жүктілік мерзімі белгіленгеннен кейін акушер-гинеколог жүкті әйелдің жеке картасын ресімдеп, қолына айырбастау картасын береді. Сондай-ақ тексеру тағайындалады, оған міндетті түрде кіретіндер:

• жүкті әйелді зертханалық тексеру – жалпы сипаттаға және әртүрлі ауруларды анықтауға;
• хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму аномалиялары (даму кемістіктері) бойынша қауіп тобын анықтау үшін пренаталдық скрининг;
• функционалдық тексерулер: электрокардиограмма (ЭКГ), көрсетілімдер бойынша эхокардиограмма (ЭхоКГ), бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) ;
• стоматологтың кеңес беруі (жүкті әйелдерге шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек МӘМС жүйесінің қатысушылары ретінде тегін көрсетіледі) және көрсетілімдер бойынша отоларинголог дәрігерге көрсетілуі.

Жүктілік бойынша есепке қойылғаннан кейін келесі қабылдау күні 10 күннен асырмай тағайындалады.

Жүктілікті көтеруге абсолюттік қарсы көрсетілімдерді анықтаған кезде әйелді дәрігерлер консилиумы қарайды, одан әрі жүктілікті ұзарту туралы шешім комиссиямен қабылданады.

#беременность
^