» » Ең алдымен, бұл кезде салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі тамақтану керек.
Информация к новости
  • Просмотров: 84
  • Дата: 19-04-2022, 15:17
19-04-2022, 15:17

Ең алдымен, бұл кезде салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі тамақтану керек.

 Ең алдымен, бұл кезде салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі тамақтану керек.

Мүмкіндігінше табиғи тағамдарды пайдаланған жөн. Оның ішінде ұлттық тағамдарды - шұбат, қымыз ішіп тұрса, иммунитет күшееді.
Ағзасында кальций жетіспейтін адамдар тары жегені дұрыс. Ересек адам күніне бір литрге дейін табиғи сүт ішсе, дәрумен тапшылығын сезінбейді.
Бұған қоса, ас мәзірінде көкөністерді пайдалану керек. Құрамында дәрумендері көп тамақты талғап жеу керек.
Сәбіз - ең пайдалы көкөніс. Оның құрамында В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар, минералды тұз да бар. Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер етеді. Қызылша шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз.
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Деніңіз сау болса, оны сақтау керек. Егер сырқат болса, сауықтыру қажет. Тәтті тағам емес, денсаулыққа пайдалы тағам тәтті екенін ұмытпаңыз.
Өзіңізді әлсіз сезінбеу үшін бұл маусымда ағзаны аздап «еркелетіп» тұрған жақсы.
Күн сайын таңғы шай орнына қайнаған жылы суға бір ас қасық бал қосып ішсеңіз жақсы.
Үстіне жарты лимон шырынын сығып қосуыңызға болады. Ол жасушалардың жаңаруы мен жасаруына жақсы көмек. Әрі көктемгі әлсіздік, витамин тапшылығына қарсы керемет күрес.
Тәуліктік қуатыңыздың сарқылмауы мен өзіңізді сергек сезінуіңізге көп үлес қосады.
Таза ауада жүргенде бірқалыпты, терең тыныс алып жаттығыңыз. Мұрынмен тыныс алу керек, бірақ ентігуге жол беруге болмайды.
Ол тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартып, өкпеге көбірек таза ауа баруына жол ашады. Ал таза ауа арқылы өзіңіз сияқты өкпе де сергіп қалады. Ми жасушалары да оттегімен қанығып, шаршауды басуға көп көмегін тигізеді.

Өзіңізге өзіңіз массаж жасаңыз. Аяғыңызға, қолыңызға, желкеңізге, тіпті қарныңызға да.
Денеңізді бос ұстап, теледидар көргенде, тынығып жатқанда, осылай бұлшық еттерді босаңсытып, қан жүгіртіп алу керек. Әсіресе аяқ башпайларына жасалған массаж оның күні бойғы шаршауын басады, жүйкелердің жақсы тынығуына жол ашады.

#усталость
^