» » Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын)
Информация к новости
  • Просмотров: 241
  • Дата: 18-04-2022, 14:55
18-04-2022, 14:55

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын)

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын)

жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін. Туберкулез көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі жастарда болады, әсіресе ол СПИД-пен ауырса немесе тоя тамақ ішпесе, не туберкулезбен ауыратын адаммен бірге тұрса.

Туберкулезді емдеп жазуға болады. Соған қарамастан одан жылына мыңдаған адам өліп жатады. Алдын алу үшін де, емдеп жазу үшін де ауруды алғашқы сатысынан бастап емдеу керек.

Сондықтан туберкулездің белгілерін біліп, одан сақтана білу қажет.Аурудың келесі сатысы
Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады);

Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)

Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз.

Ұдайы салмағын жоғалту
Жиі ыстығы көтерілу
Тері түсінің бозаруы;
Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.
Туберкулез әдетте өкпені зақымдайды, бірақ ол дененің кез келген жерінде болуы мүмкін. Жас балаларда ол менингитке ұласуы мүмкін. Тері туберкулезі де болады.

Дайындаған: Сулейменова А.Б. және Айдосова С.Х.

#туберкулезизлечим
^