» » Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодекстің 81-бабына сәйкес ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР:
Информация к новости
  • Просмотров: 232
  • Дата: 29-03-2022, 17:08
29-03-2022, 17:08

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодекстің 81-бабына сәйкес ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР:

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодекстің 81-бабына сәйкес ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР:

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодекстің 81-бабына сәйкес ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР:

1) жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген жері бойынша жүктілікке байланысты медициналық есепке тұруға МІНДЕТТІ
2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын уақытылы орындауға МІНДЕТТІ
**
Консультацияға ерте келу ол жүктіліктің асқыну мүмкіндігін емдеуге және дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз етеді.
**
Жүктіліктің 12 аптасына дейін нәрестенің ішкі ағзалары, сүйектері, қан тамыр және нерв жүйелері қалыптасады.

Сондықтан нәресте дұрыс қалыптасып жатыр ма, өрескел ақаулар (туылғаннан кейін өміріне өте қауіпті, болмаса өмір сүре алмайтын) жоқ па, сондай- ақ генетикалық аурулардың (хромосомдық) белгілері бар ма, жоқ па – осыларды жүктіліктің 12 аптасына дейін анықтап, ертерек алдын алуға болады.

12 апталық жүктілік кезінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) арқылы дамымай қалған жүктілікті, нәрестенің тек өрескел ақауларын анықтауға болады. Яғни, баланың бас сүйегінің болмауы, саусақтары, аяқ қолдары, миы болмаса, ол осы мерзімде бірден көрінеді

Хромосомдық аномалияларды да (Дауна, Патау, Эдвардс синдромдарын) жүктіліктің 12 аптасына дейін қан арқылы және УДЗ арқылы болжайды. Егер хромосомдық ауытқулардың қатері жоғары болса, инвазивтік әдіспен нақты анықтауға мүмкіндік бар.

‼️‼️12 аптаға дейін медициналық есепке тұрып, өзіңіздің және болашақ нәрестеңіздің денсаулығын сақтаңыз!
#жүктілік
#12аптажүктілік
^