https://www.instagram.com/tv/CaZN_1EFQfg/?utm_medium=copy_link
25.02.2022 “Медикус центр” мекемесінің мамандары мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізуде.
Мектеп оқушыларын медициналық тексерістен өткізу – жылдағы жоспарлы шара. “Медикус центр” мекемесі мамандары мектепке келіп, балалармен кездесуді үшінші тоқсаннан бастады. Бала денсаулығын бақылауда ұстап, тексеріп отыру жас ағзадағы өзгерісті, ауруды алдын- ала анықтауда аса маңызды.
Көп жылдық тәжірибесі бар, мектеп педиатры Кушекбаева Г.Н:
-Медициналық тексеріс кезінде бала ағзасының динамикасын байқаймыз. Кейбір аурулардың алдын алуға болады. Инфекциялық, паразитарлық ауруларға жол бермеу жағы қарастырылады.Бала ағзасы үшін ең қажетті дүние – құнарлы тамақтану және физикалық дене жаттығуы болып табылады. Өкінішке орай, соңғы жылдары кейінгі буынның арасында салауатты өмір салтын ұстанушылардың аздығы байқалады. Салмағы аз немесе салмағы шамадан тыс балалар көп кездеседі. Үнемі диета белгілеп, салауатты өмір салтын насихаттауға, таза ауада жиі серуендеуге, спортпен айналысуға ақыл-кеңес беріп отырамыз. Телефон, компьютер алдында көп отырмау, фаст-фуд өнімдерін қолданбау, зиянды әрекеттерге әуес болмау денсаулықты сақтаудың негізі болып табылады.
Компьютердің алдындағы сансыз сағаттар ақырында көру қабілетін нашарлатады, омыртқаның қисаюына әкеліп соқтырады.Көру қабілеті нашар балалар көзге арналған жаттығулар жасау керек.
Бала денсаулығы - ұлт болашағы. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Қандай да бір балаңыздың бойынан ауру белгілерін байқасаңыз бірден медицина қызметкеріне жүгініңіз!
“Медикус центр” мекемесі байланыс телефоны: 99-50-22