
Бүгін декреттегі акушер-гинеколог Бөкенбайқызы Динара өзі Пфайзер екпесін ала отырып, жүкті әйелдерге арналған антиковид мектебінде өз білімімен бөлісті:
“Пандемияны ауыздықтай алатын вакцина бар болса, ол - Pfizer, өйткені ол екпенің құрамында тірі вирустар жоқ.
SARS-CoV-2 вирусының маңызды генетикалық кодтарынан ғана тұратын Pfizer иммунды жүйеге дер кезінде сигнал береді және ағзаның зат алмасу процесіне кедергі жасамайды.
Жақын аралықта Pfizer екі жылға созылған коронавирусқа қарсы соғыстың соңғы нүктесін қоятынына сенімдімін”.
_____________________________________
“Медикус центр” мекемесінде “Жүкті әйелдерге арналған ковидке қарсы мектеп” жұмыс жасайды. Ол жерде жүкті әйелдер екпеге қарсы барлық сұрақтарына жауап ала алады. Толыққанды ақпаратпен таныстырылады.
“Жүкті әйелдерге арналған ковидке қарсы мектеп” жұмыс жасау кестесі:
Дүйсенбі: 08.00-16.00
Сәрсенбі: 08.00-16.00
Бейсенбі: 08.00-16.00
Жауапты маман: Уташева Г.Ж.