
Қазіргі таңда алғашқы орында тұрған ауру - емшек безі обыры (рак).
Қай ауру болмасын ерте сатысында анықтап, емдесе құлан – таза айығатыны белгілі.
Осыған орай «Медикус центр» медициналық мекемесі тіркеуде тұрған скринингті жастағы әйелдер жаппай маммографияға шақырылды.
Тұрғындарға ыңғайлы әрі жайлы болу мақсатында «МАММОКАР – У» машинасы мекеме ауласына қойылып, осының нәтижесінде 80% әйел маммографиялық тексеруден өтті.




