
25.08.1985 ж бастап Қарғалы елді мекенінде №3 аймақтық педиатр бөліміне медбике болып жұмысқа орналасты. Осы аймақта 32 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын. Еткен еңбектің еленгені кімгеде болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін. Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз. Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз. Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере-шөберелердің шу күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!
Жұмыс барысында сіз өзіңізді өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқаратын, жоғары білікті маман ретінде көрсете білдіңіз. Қиын жағдайларда шешім қабылдауға қабілетті , жауапкершілігі мол жансыз. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл тапқыш. Өмірде қарапайым, сабырлы жансыз.
Қадірлі Орынша Саржанқызы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен.

